"Әкелер күні"

16 маусым күні балабақшамызда ата-аналар мен балалардың қатысуымен «Әкелер күніне» арналған іс-шара ұйымдастырылды! «Менің әкем – ең жақсы» тақырыбында сайыс өткізілді Мақсаты: Отбасы құндылықтарын нығайту, ата-аналарды бірлескен іс-әрекетке баулу, адамгершілік, патриоттық қасиеттерге тәрбиелеу. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.Шара соңында ата-аналар мақтау қағаздарымен марапатталды.Балалар өз қолдарымен әкелерге арнап жасаған ашық хаттарын ұсынды.