Мектепішілік мерекелер
2 "Б" сыныбында 5 наурыз күні "Аялайық аналарды" атты тәрбие сағаты өтті. Бұл мерекеге осы сыныптың ұлдары әсем де сұлу қыз болып киініп шықты. Балалардың бұл өзгерістері бәріне ұнады. Мерекелік шараға келген ата-аналар және сыныптас қыздары жанкүйер болып отырды.
Ұл балалардың бұл сайысқа ерекше дайындықпен келгендігі байқалды. Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін шығарып, талантты оқушыларға тиісті марапат жасады. Сынып жетекшісі Сейтова Алтын Қабдылхамитовна өз тарапынан сыйлықтар ұсынды.
Мектепте осындай қызықты мерекелер көптеп өте берсін! Аяулы ұстаздар, оқушылар,ата-аналар! Көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын! Сіздерге қуаныш, шаттық әкелсін!