2021 жылдың 19 ақпан күні 9-10 сынып оқушылары және Павлодар облысының іскер әйелдер қауымдастығының жастар қанатының жетекшісі, Кәсіпкер, Ademi Beauty салонының иесі Исагулова Сәуле @isaule , ЖанАли сұлулық салонының басшысы Уалиева Жанна Асхатовнамен «Кәсіпкер сағаты» атты онлайн кездесу өтті.
Мақсаты: оқушыларға кәсіпкерлік туралы ақпарат беру, оқушылардың бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін, ұжыммен жұмыс дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік туралы түсініктерін, ой - өрісін арттыру, кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу.