Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«І ОБЛЫСТЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ»
13-03-2021 23:41
«І ОБЛЫСТЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ»

Павлодар облысы білім беру басқарма басшысының бастамасына сәйкес «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік  орталығы 2020-2021 оқу жылы жаңа инновациялық жоба – 8-11 сынып оқушыларына арналған І облыстық гуманитарлық олимпиадасын әзірледі. 

Аталмыш зияткерлік шара – Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті бойынша оқушылардың білімдерін жүйелендіруге, мектептік бағдарламаға еңгізілмеген көркем әдебиет шығармаларымен таныстыруға бағытталған пәнаралық олимпиада.

Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болатын оқырман мәдениетін дамыту;  оқушылардың өз халқыныңтарихы мен туған әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау.

І облыстық гуманитарлық олимпиада 2021 жылғы 12 наурызда онлайн режимде Goоgle-disk платформасында өткізілді. Шараға 148 оқушы қатысты, оның ішінде 49 – дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден, 78 – аудандардан, 21 - Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан.  

Нәтижесінде біздің мектебіміздің оқушылары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олар:8 «А» сынып оқушысы Дюсембаева Томирис пен 9 «А» сынып оқушысы Акишпаева Аделя жүлделі ІІ-орынға ие болды.
Оқушыларымызды, ата-аналарын және жетекшілері Қанағат Советұлы, Гүлнар Калиханқызы, Жаңыл Шакарқызы құттықтаймыз!