Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"АДАЛ ҰРПАҚ-МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ"
15-03-2021 10:44
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.
Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.
Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты-шәкірттерімізге  рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру.Олардың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті-мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Егер, жас¬тайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңі¬ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге  мүмкіндігі жеткілікті болады. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық.
Осы клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, намысты азамат болуға, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі.