Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
1 Қыркүйек - Білім күні
01-09-2021 15:06
1 Қыркүйек - Білім күні

Бүгін мектеп оқушылары үшін мерейлі күн. Бүлдіршіндер қолдарына қағаз-қаламсаптарын, әліппелерін алып мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

 

Биыл "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны қаламыздың барлық мектептерінде ашық алаңда, тек бірінші сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. 2-11-сынып оқушыларына Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сынып сағаттары өткізілді.

 

Биыл 1-сыныпқа «а», «ә», «б» сыныптарын қоса алғанда 66 бала қабылданды.

 

Мектеп алаңындағы салтанатты жиын әсем биден бастау алып, 1 сынып оқушыларын таныстырумен жалғасты. Ортада салтанатты түрде әнұран орындалып, ҚР мемлекеттік Туы көтерілді. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған тілдері тәтті бүлдіршіндер тақпақ айтып, көрермен көзайымына айналды. Енді ғана оқушы атанған балалар қолдарына әліппелерін құшақтап, мектеп деп аталатын білім кемесімен бірге оқу мен ғылым кілтін іздеуге аттанды... 

 

Ұстадарға, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!

 

Білім күні құтты болсын