2021 жылғы 11 қыркүйекте ұйымдасқан түрде оқу жылының басталуы туралы директор жанындағы отырыс өтті. 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы басшылыққа алынатыны, оқу процесінде қолданылатын нормативтік құжаттар жайында айтылды. Сондай-ақ «Мектепке жол» акциясы, «Денсаулық апталығы» аясында өткізілген іс-шаралар бойынша есептер тыңдалды.
Директор жанындағы отырыс