Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын талдау бойынша есеп
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жыл сайынғы Жолдауын жариялаған болатын.
№2 мектептің тарих мұғалімдері Қ.С.Ергалиев пен С.К.Шакиев мектеп ұжымына Жолдауды түсіндірді.
Қ.С.Ергалиев жолдау келесі мәселелерге арналғанын айтты. Және әрқайсысына қысқаша тоқталып өтті. Олар:
• Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму;
• Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;
• Сапалы білім беру;
• Өңірлік саясатты жетілдіру;
• Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру;
• Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау;
• Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы
С.К.Шакиев мемлекет басшысы ұсынған жақын арада қаралуы тиіс бес
бастамаға тоқталды. Олар:
• ең төменгі жалақы деңгейін өсу бағытында қайта қарау және оны салықтық, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде орынсыз пайдалануды тоқтату;
• өз жұмысшыларының жалақысын көбейтуге ынталандыратын «ұтымды» шараларын әзірлеу, атап айтқанда реттелетін сатып алуды ынталандыру және мемлекеттік қолдауға жеңілдікпен қол жеткізу;
• микро және шағын бизнес үшін жалақы қорынан бірыңғай төлемді 34% -дан 25% -ға дейін төмендету;
• мәдениет саласы қызметкерлерінің, техникалық жұмысшылардың, жүргізушілердің және басқа кәсіп өкілдерінің жалақысын көтеру;
• қолжетімді тұрғын үй ипотекасының бағдарламасын әзірлеу.
Мектеп ұжымы Жолдауда аталған маңызды мақсат-міндеттерді жүзеге асыру әрбір қазақстандық білім беру саласының қызметкерлерінің ерен еңбегіне байланысты екенін толығымен қабылдай отырып, қолдайтындарын білдірді.
Жолдауға қолдау