Қариясы бар ел – қазынасы бар ел
2021 жылғы 28 қыркүйек күні қаламыздың құрметті тұрғыны, Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Заварина Анна Федоровнаны 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, ізгі лебізімізді білдіріп келдік. Анна Федоровна 1921 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келіп, көп балалы отбасында тәрбиеленген. 4 жылдык мектепті бітіріп, жастайынан еңбек еткен. Бүгінгі күнде қариямыз “1️⃣0️⃣0️⃣ жасқа” келіп отыр.
Қазақта «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.