Қош, сүйікті Әліппем!
Мектебіміздің 1-сыныптары аралығында «Қош, сүйікті Әліппем!» атты мерекелік іс-шара өтті!
Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасып отыр.
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, жаттаған ән, тақпақтарын, билерін билеп, қызықты ойындар ойнады.