Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тірі жіп дәстүрі»
15-04-2024 11:46
«Тірі жіп дәстүрі»

Сәуірдің 15-і күні мектебіміздің кітапханасы мен №4 қалалық балалар кітапханасы бірлесіп «Тірі жіп дәстүрі» атты 4 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен танымдылық сағатын өткізді. Шара барысында оқушылар қазақтың қонақжайлылық дәстүрлерімен танысты. Танымдық сағатының қонақтары «Сағым жылдар» ансамблінің әжелері Қалиева А.Х. және Уақпаева У.Р. болды. Кітапханашылар қазақ халқының қонақжайлылығын, үйге келген әрбір қонақтың батамен келетінін, үйге құт-береке әкелетінін, қонақтарды қалай қарсы алу керектігін айтты: қонақты төрге отырғызады, түрлі тағамдар әзірлейді, сыйлықтар береді, т.б Оқушылар қонақтарды қарсы алудың отбасылық дәстүрлерімен бөлісті. Балалардың ойынша, адам баласы ақкөңіл де мейірімді, қонақжай және қамқоршы, ашық және кең пейілді, қонаққа құрметпен қарауы керек. Іс-шараға балалар өте белсенді қатысты.