«Сыңғырла, күміс үн қоңырау»
1 қыркүйек күні біздің мектепте «Сыңғырла, күміс үн қоңырау» атты алғашқы қоңырау өтті. Осы салтанатты жиынға келіп, куәгері болған қонақтарымызда болды. ОларНаурызбаева Гүлбарам Әуезханқызы - Павлодар облысы Балалардың құқығын қорғау департаментінің директоры. Габдулғани Габдулхакұлы Ибрагимов – Мемлекеттік қызмет істері бойынша агентство басқармасы басшысының орынбасары.Абай Рахымқожаұлы Жабағин - қалалық маслихат депутаты. Людмила Михайловна Дрожжина - педагогикалық еңбек ардагері.Солтанова Рашида Хазиахметқызы - педагогикалық еңбек ардагері. Жастар форумында елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, каhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей еліміздің аспан әлемінде қалықтап тұр» деп айтқан екен. Барлық сыныптарды «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» тақырыбы бойынша сынып сағаттар өткізілді.