«Жас Ұлан», «Жас қыран»
2012 жылы 30 қараша күні біздің мектебіміздің 143 оқушысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданғалы отыр. Бұл рәсім еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған. Биылғы жылы алғашқы рет Тұңғыш Президент күні тойланады. Елбасымыз Қазақстанның мемлекет ретінде негізін салушы болып табылады. Қазақстан өркениетті елу елдің қатарына қол созған ірі мемлекетке айналды. Бұл, әрине, елбасының еңбегі.
Президентіміз оқушылардың білім алуына да көп үлесін қосып жатыр. Назарбаев мектептері ашылуда. Онда болашақта Қазақстанды дамытатын, алдыңғы елдердің қатарына қосатын оқушылар білім алуда.
Бүгінгі «Жас ұлан» қатарына өткен оқушылареліміздің ертеңгі ұрпағы ретінде мемлекетіміздің гүлденуіне үлестерін қосады деп сенеміз.