«Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран»
14 маусым «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» күні болды.Таңертеңгі астан кейін 10 топтың бәрі Ж.Аймаутов драм-театрына барып, «Қаңбақ шал» атты спектакль қойылымын көріп қайтты.Кіші топ ұйқыға кеткенде, жоғарғы топтың балаларымен «Зарница» әскери-жасақ ойыны ойналды.Бұл ойынға 5712 әскери бөлімінен қонақтар келіп, ойынның куәгері болды. Ойын ойнау барысында төзімді, шыдамды, шапшаң болып, қайсарлық көрсетуге шақырды.Ойынға 6 топ қатысты, бағыттылық парағы бойынша тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысты.Әр тапсырмаға 10 ұпай берілді.Жеңімпаз топтарды мадақтамамен марапаттады.Бағыт-бағдар берген әскери мамандарға лагерь басшысы өз алғысын білдірді.Бұл ойын балаларға қатты ұнады.