Ұстаздар мерекесі
4 қазан күні № 2 ЖОМ қарттар күні мен ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты концерт өтті. Бұл жиынға ардагер ұстаздарымыз шақырылды, олар: Екатерина Исламбекқызы, Нағима Боранбаевна, Светлана Ивановна, Валентина Александровна, Людмила Михайловна, Рашида Хазиахметовна, Любовь Викторовна, Ғалия Сабировна, Рауза Қалымқызы.
Кәсіподақ комитеті мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, сый-тартулар тартты.
Мектеп әкімшілігі 2012-2013 оқу жылында нәтиже көрсеткен ұстаздарды мадақтамалар мен сыйлықтармен марапаттады.