Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Алтын күз»
27-10-2014 02:24
«Алтын күз»

2014  жылғы 22 қазан күні 2-3 сыныптар және 4-5 сыныптар арасында «Күзгі бал» мерекелік кеші өтті.  

         Қош келдіңіз көрермен,                                                                                        

         Күздің сәні келіп қапты ортаға.

         Отырыңыз қол соғып,

         Шат күлкіге бөлене.

         Көбейді құт-береке,

         Астық толы қоймамыз.

         Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз – дей отырып сыныптардан қатысқан жұптардың ішінен Күз ханшайымы мен Күз ханзадасы таңдалды. Қатысушылар берілген шарттар бойынша жақсы дайындалып келді. Әрбір сынып өз сыныбының атынан күз ханшайымы мен күз ханзадасын таныстырды, костюмдерін, сонымен қатар  ең үздік күзгі гүлшоғын (үй жұмысы) жасап, қорғады, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сайыстардың қорытындысы бойынша 2-3 сыныптар арасында күз ханшайымы мен күз ханзадасы атағына ие болған 2 «Ә» сыныбының жұптары Сыздық Дана және Сүлеймен Ризабек. Ал 4-5 сыныптар арасында 4 «А» сыныбының жұптары Жаншукова Аружан және Манибаев Арсен атаққа ие болды. Қатысқан барлық сайыскерлер мадақтау қағазымен марапатталды.