Ашық сабақ
3 «Ә» сыныбында қазақ тілінен «Тұрлаусыз мүшелер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Тұрлаусыз мүшелер туралы ұғым беру және анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш туралы білімдерін толықтыра білу және де тұрлаулы мүшелермен салыстыра отырып, айырмашылығы мен ұқсастығын салыстыра білуге үйрету. Сабақ топпен, жұппен, жеке-дара жұмыс түрінде өтті. Оқушылар тапсырма бойынша өз ойларын, пікірлерін толық айта білді.