Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау күні
Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау күніне байланысты
өткізілген іс-шаралар туралы
ақпарат
Білім беру басқармасы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымыс ІХ Бас Ассамблеясының бұрыштамасына сәйкес 1 наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау күні деп жарияланды. Осыған орай мектеп бойынша іс-шаралар жоспары құрастырылып жүзеге асырылды. Жоспарға сәйкес 1-11 сыныптарда берілген тақырыптар бойынша сынып сағаттары өткізілді. Ең біріншіден мектеп бойынша Өртке қарсы құрал-жабдықтарды тексеру жұмысы қолға алынып, тексерілді. АӘД мұғалімі оқушылармен противогазды кию бойынша жаттығу сабақтарын ұйымдастырды. Тыныс алу жолдарын қорғау мақсатында қарапайым қорғау құралдарын жасау, оны тез арада киіп жаттығу жасалынды. 1 наурыз күні 6-шы сынып оқушыларымен Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментімен онлайн режимінде: - 1 наурыз- Азаматтық қорғаныс күні; - «сынықтар, және олардың түрлері. дәрігерлік көмекке дейін алғашқы көмек көрсету» тақырыптары бойынша интерактивті сабақ өткізілді. 11 наурыз күні 8 сыныптар: «Адамдардың су тасқыны мен сел кезіндегі іс әрекеттері» тақырыптары бойынша онлайн режимінде интерактивті сабақ өткізілді. 9-11 сыныптарда: «Алғашқы көмек», «Күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі», «Қыс мезгілінде өзін -өзі ұстау» атты бейнероликтер көрсетілді. Мектеп кітапханасында «Табиғат және адам» атты көрме ұйымдастырылды. 2-3 сыныптар арасында өмір қауіпсізідігінің негіздері тақырыбы бойынша әңгіме жүргізіліп, мектептегі қауіпсізідік бұрышына экскурсия ұйымдастырылды. 8-ші сыныптар арасында «Жас мергең» сайысы өтті. 8 «Ә» сыныбы жеңімпаз атанып, мақтау қағазымен марапатталды.ДТЖжО Жармагамбетова