«Сұлулық - әсемдік»
Сұлулық ұғымы әр жанның түсінігінде әр түрлі қалыптасқан. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді. Осыған орай, «Бантиктер» күнін ұйымдастырдық. Әр топ балаларын бантикпен безендіріп, «ең үлкен бантик» немесе «көрікті шаш» номинациясына ие болуға тырысты. Мереке өте қызықты және тартымды өтті.