Бастауыш 4 сыныптарда 20-21 мамыр күндері «Бастауышым –балбұрағым» атты бастауышпен қоштасу ертеңгіліктері өтті. Ертеңгіліктерде оқушылар мектебіне, ұстаздарына арнап өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Ата-аналар, мұғалімдер көріп тамашалады. Бастауыш сынып оқушыларына ортаңғы буында тек сәттілік, оқуларына табыс тілейміз.