Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебінде наурыз айының 2-сінде қалалық семинар өтті. Семинар деңгейлік бойынша ашық сабақтар өткізу. Семинарға қала мектептерінен мұғалімдер қатысты. №21, №24, №19, №37 мектептерден мұғалімдер келді. Қалалық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Кайырғазина Ш.Ш болды. Сабақты 2 «Ә»сынып мұғалімі: Қазанғапова Манар Шәкуқызы әдебиеттік оқу пәнінен өткізді. Тақырыбы: Авторы: Н.Қазыбековтың«Наурыз көже»әңгімесі. Сабақ заманауы, жеті модуль қамтылды. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланды. Мұғалім сабақта әр-түрлі әдістерді пайдалана отырып, қазақ халқының дәстүрі туралы, оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдарына кеңінен тоқталды. Бағалаудың бірнеше түрлерін пайдаланды. Өзін-өзі бағалау,жұбын бағалау болды. Оқушылар критерийлер арқылы бағалап отырды. Әр кезең сайын рефлексия жүргізіп, қорытындылап отырды. Сабақтың жоспары жоғары деңгейде құрылған, заман талабына сай сабақ.
Ашық сабақ «Наурыз көже» 2"Ә" сыныбы