Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Өзін-өзі басқару күні
10-03-2017 08:31
Өзін-өзі басқару күні

  7 наурыз күні мектебімізде 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты Өзін-өзі басқару күні өтті. 9-11 сынып оқушылары өздерін мұғалім ретінде сынап көру мақсатында, таңдаулары бойынша, сабақ кестесіне сай пәндерден сабақ берді. Сабақ жоспарларын мұғалімдер көмегімен құрып, сабақ беруге арналған кеңестер алып, көрнекіліктер әзірледі. Оқушылар сабақ беруге тыңғылықты дайындалды. Сабақтардың берілуін мектеп директоры міндетін атқарған оқушы Безкей Темірлан, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары міндетін атқарған оқушылар: Кабулова Әлия, Төлегенқызы Дания, Пансатбекова Сания, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары міндетін атқарғандар: Қабдыров Саят, Мұсаев Нұржан. Оқушыларға өздерін мұғалім ретінде сынағаны өте ұнағанын айтты. Мерекелік іс-шараны өткізудің басты мақсаты - оқушылардың өзін-өзі басқару қабілеттерін арттыру, жауапкершілікке, берілген тапсырманы нақ, дәл, өз уақытында орындауға үйрету. Жоғарыда аталып өткен сынып оқушылары бір күн болса да жауапкершілік сезімдерін арқалап, әрқайсысы өздерінің таңдаған пәндерінің иесі ретінде алдын ала пән мұғалімдерімен кездесіп, сабаққа қатысты талаптарды толық орындауға тырысты. Сабақ соңында мектеп оқушыларының жиыны болды. Ол жиында мектеп директоры Безкей Темірлан мектебіміздің жүрегі болып табылатын мектептің мұғалімдерін «Халықаралық әйелдер мерекесімен» құттықтады, мадақтамалар берді. Оқушылардың сауалнамасы негізінде «Ең үздік мұғалім» ретінде 11 «А» сынып оқушысы Пансатбекова Сания марапатталды. Жиын соңы мұғалімдерге арналған концертке ұласты.