Бейсенбі күні №2 жалпы орта білім беру мектебінің жанынан ашылған «Күншуақты қала» сауықтыру лагерінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған «ЭКСПО балалар көзімен» атты байқау өтті. Оған демалушы топтардан барлығы 22 оқушы қатысты.
Жас суретшілер бұл жолы аталған тақырыпты: «Туған жер», «Елордам-Астана», «Менің отбасым», «Бақытты балалық шақ» тақырыптарымен толықтырып, өз қиялдарындағы кескіндерді қағаз бетіне түсірді.
Қорыта келе, қазылар алқасының шешімімен, жүлделі І орынға Нуралинова Анар (11-топ) мен Сұраған Аружан (9-топ), ІІ орынға Айтжанова Әсел (6-топ), Қозыкөреш Әмина (1-топ), Серік Мерей (11-топ) ие болып, ІІІ орын Садвокасова Аружан (7-топ), Сағидолла Аружан (8-топ), Пердебай Айнұрға ( -топ) берілді.
Үздік жұмыстар дүйсенбі күні өтетін конференцияда «ЭКСПО аллеясы» көрмесіне қойылатын болады.
Айгүл МОЛДАШ.