«Ең үздік сынып - 2018» қалалық байқау сайысы
Павлодар қаласы білім беру «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен өтікізілген «Ең үздік сынып - 2018» қалалық байқау сайысына біздің мектептің 7 «а» сыныбының оқушылары қатысты. Оқушылар сайыс барысында шығармашылық қабілеттерін жақсы көрсетіп, 2 орынға иеленді. Сынып жетекшісі Жармагамбетова Бақтыгүл Қайратқызы да өз үлесін қосып, оқушылармен бірге сахнада өнер көрсетті.