Өрт болған жағдайдағы оқыту-жаттықтыру шаралары
Оқушылар мен қызметкерлерді өрт болған жағдайда аман сақтап қалу мақсатында 6 сәуір күні сағат 11.00-де оқыту-жаттықтыру шаралары өткізілді. 5 сәуір күні техперсоналмен дайындық жұмыстары, педагогикалық ұжыммен түсіндіру жұмыстары өткізілді. Оқушылармен өрт болған жағдайдағы іс-әрекет тақырыбында жаппай сынып сағаттары өткізілді. Жас өрт сөндірушілер дружинасы бастауыш сынып оқушылармен іс-шаралар өткізді. Барлығы теория түрінде алған білімдерін, практика жүзінде жаттығу жұмысы арқылы бекітті. Эвакуация уақыты 3 минут 51 секундты құрады. Барлығы 478 оқушы мен тәрбиеленушілер және 41 қызметкер шығарылды.