"XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" Республикалық ата-аналар конференциясы
Бүгінгі конференцияда мектепке аяқ басқан бірінші сынып оқушыларының ата- аналарына психологиялық көмек беру мақсатында ХХІ - ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата - аналар конференциясы өтті. Конференцияны тәрбие ісінің меңгерушісі Жәменкенова Гүлжан Шайхислямқызы ашып, аталмыш шараның маңыздылығы туралы айтып өтті. Мектеп психологы Есен Әйгерім Қанатқызы келесі кезекте Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының Республикалық ата-аналар конференциясының қатысушыларына үндеу хатын оқып берді.
Шара барысында оқушылармен байланысты әр түрлі мәселелер талқыланды. Мектеп әкімшілігіне сұрақ қойылып, ата-аналардан психологиялық анкета алынды.