Тіл мерекесі қарсаңындағы сабақтар жалғасуда
Мектебімізде тіл мерекесі қарсаңында сабақта өтуде. Осы біздің шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосатын кішкене ғана үлесіміз. Тіл - әрбір ұлттың заңы,сезімнің,ойдың жанды көрінісі,халық тарихы,мәдениеттің даму жолы. Тіл - ұлттың игілігі және өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуімен адамдардың тарихи тұрақты қауымдық ретінде қалыптасуы, жалпы алғанда тілдің дамуына және оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Қазақ тілі талай тарихи сыннан сүрінбей өтті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде талайды тамсандырады.