Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Рухани жаңғыру" бағдарлама аясында кездесу
28-01-2019 12:09

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басты мәселелердің бірі – ұлттық код, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екендігі белгілі.  Бүгінгі күні  ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу - біздің борышымыз. Бұл борышты орындауда саз әлемінде өзіндік орны бар Дүкенбаев Назымбек Сабитұлының еңбегін ерекше атап өтуге болады. Назымбек Сабитұлы талай жылдардан бері біздің облыстың ән өнері - музыка саласына зор үлес қосып, балабақша бүлдіршіндерінен бастап, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне дейін Отан сүйгіштікке баулитын ондаған ән шығарды. Осы сала бойынша оқулық кітаптар жазған, жүздеген жасқа музыка саласынан тәлім-тәрбие беріп, үлкен өмірге қанат қақтырған қадірменді ұстаз.