Шақырылған қонақтардың арасында Ауған соғысы ардагерлері Супаханов Малик Джемаевич және Оганесян Юрик Андранокович болды. Қазақстан Республикасының гимні ойналып болғаннан кейін оқушылар мен ардагерлер Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлерді үнсіздік сәтімен еске алды. Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Олардың ішінде: «Елімізде Ауған соғысы ардагерлеріне қандай көмек көрсетіледі? Бұл соғыс туралы түсіріліп жатқан фильмдер шындыққа жанасады ма? Қазіргі әскерилердің қандай іс-әрекетін ерлікке жатқыза аласыздар?» - деген сияқты сұрақтар болды. Ардагерлермен сұхбаттан кейін оқушылар өздері дайындаған концерттік бағдарламаны қойды. Ауған соғысының зардабы мен жауынгерлердің батырлығын дәріптейтін өлеңдер оқылып, билер биленді. Кеш оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болды. Бұл кездесу олардың бойында патриоттық сезімді оятып, Ауған соғысында опат болған батырлардың есімдерін қастерлеуге шақырды.
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті
13 ақпан 2019 жылы Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты - соғыстың қасіреті жайлы мағлұмат беру, Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің ерлігін насихаттау.