Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Мен өз елімнің патриотымын ба?» тақырыбында тренинг
27-02-2019 22:17
«Мен өз елімнің патриотымын ба?» тақырыбында тренинг

2019 жылғы 23 ақпан күні біздің мектебімізде "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Мен өз елімнің патриотымын ба?» тақырыбында тренинг өтті. Жоғары сынып оқушыларымен кездесуге Инклюзивті оқыту бойынша халықаралық байқаудың жеңімпазы, Москваның «Фоксфорд» онлайн жоғары мектебінің оқушысы, «Жастар бизнесі» жылының шәкірті, «Жаңа қарқын» жобасының құрастырушысы, Москва Дипломатиялық академиясы грантының иегері, «Жас ұлан» қоғамдық қорының белсендісі, Павлодар қаласы Жетекші жалпы орта білім беру мектебінің Президенті –Серікқызы Аида мен «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының 16 ауысымының Президенті, «Жас отансүйгіштер академиясы» медалінің иегері, «Павлодар-Қазақстан патриоттары» жобасының координаторы, «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігінің белсендісі, «Замандас» клубының белсенді еріктісі, Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының Президенті – Жылқыбаев Мерхат өз командаларымен бірге келді. Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға алып келетіні сөз болды. Азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру қажеттігі кездесу барысында көрініс тапты. Олар іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жоғары сынып оқушылары мен келген командалар мүшелері жаңа идеялармен, мақсаттармен, тың ойлармен шабыттанды. Кездесу жоғары деңгейде өтті.