Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Family day» жобасының аясында 6-7 сыныптар арасында «Бақытты отбасы» атты отбасылық сайыс өткізілді
05-03-2019 09:07
«Family day» жобасының аясында  6-7 сыныптар арасында «Бақытты отбасы» атты отбасылық сайыс өткізілді

Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебінде 2019 жылдың 2 наурызында «Family day» жобасының аясында  6-7 сыныптар арасында «Бақытты отбасы» атты отбасылық сайыс өткізілді. Кемелді келешектің тұтқасы - жастар. Сондықтан, олардың мүддесін қорғап, оларға дұрыс бағыт- бағдар беріп, тәрбиелеу - біздің мақсатымыз. Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана тұрмыс зор бақытқа кенеле алады. Отбасын құру – адам өміріндегі ең маңызды, өте жауапты іс, өйткені жанұя өмірді кемеліне келтіреді, бақытқа бөлейді. Сайыс «Таныстыру», «Өнер сайысы», «Көңілді аспаздар» атты қызықты кезеңдерден құралды. Жарыс қорытындысын сараптаған әділқазылар алқасының шешімімен «Ең бақытты отбасы» және «Эстетикаға сай ең жоғары рәсімделген бәліш»  номинацияларын  7 «Б» сыныбынан Ананьевтар отбасы иеленсе, «Ең өнерлі отбасы» және «Ең дәмді бәліш»  номинацияларын 7 «Ә» сыныбынан Садвакасовтар отбасы алса, «Ең шығармашыл отбасы» және «Бәліш дайындаудың заманауи тәсілі» номинациялары 6 «Б» сыныбынан Пушкембаевтар отбасына бұйырды. Мемлекеттік мекеменің дайындаған сый-сияпаты барлық қатысушыларға табысталды. Отбасының мерейін асыратын осындай іс- шараларға жас отбасыларын көбірек қатыстыра отырып, жиі бас қосулар өтсе екен деген көрермен тілегін де жеткізгіміз келеді.