"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Оқитын ұлт" акциясы шеңберінде Әбділдә Тәжібаевтың шығармалары бойынша "Ұлттың ұлы қазынасы" атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
![](/media/img/blogs/5cb44a0edda5d.jpeg)
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Оқитын ұлт" акциясы шеңберінде Әбділдә Тәжібаевтың шығармалары бойынша "Ұлттың ұлы қазынасы" атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Аталмыш кеш 7 "а" сыныбының оқушыларымен өткізілді. Оқушылар Әбділдә Тәжібаевтың шығармаларын мәнерлеп оқып, жан- жақты талдады. Кешке қонақ болып №4 қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі - Кенжигалиева Ботагөз Қабдылсайытқызы шақырылды. Мақсаты: оқу мәдениетін дамыту мен қолдау, тарихи және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас, ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандар қызығушылығын арттыру.