«Өлкетану» бойынша қалалық бірыңғай сабақ мектебімізде өткізілді
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Өлкетану» бойынша қалалық бірыңғай сабақ мектебімізде өткізілді.
Аталмыш сабаққа Павлодар қаласының құрметті азаматы, тарихшы және өлкетанушы - Соколкин Эрнест Дмитриевич арнайы қонақ болып шақырылды.
Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектердің туған қала, оның көрікті жерлерімен таныстыру, табиғатына, әсем көшелеріне, биік үйлеріне, мәдени орындарына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.