Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қалалық футбол турнирінің жабылуы және мектептің футбол алаңының ашылуы
10-09-2019 13:31
Қалалық футбол турнирінің жабылуы және мектептің футбол алаңының ашылуы

Бүгін №2 жалпы орта білім беру мектебі үшін өте маңызды күн! Себебі, облыс, қалалық әкімшіліктің қолдауымен, мектеп оқушылары үшін заманауи талаптарға сай жабдықталған футбол алаңы пайдалануға беріліп отыр! Осы орайда жас ұрпақтың дене тәрбиесімен айналысып, спорттық жетістіктерге жетуіне қосқан зор үлестеріңізге шынайы ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз! 

Қалалық футбол турнирінің жабылуы және мектептің футбол алаңының ашылуына келесі қонақтар келді: Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Саян Назымұлы Мұқанов, білім бөлімінің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Ибраева Гүлнар Рахымжанқызы, туризм және спортты дамыту бөлімі бастығының орынбасары Есембаев Нұрлан Абайұлы.

Спорт алаңында Павлодар қаласының №2, 34, 37, 43 мектептерінің спортсмендері өнер көрсетті.  Мастер класс көрсетуге мектебіміздің түлегі, республикалық турнирлердің жеңімпазы, үздік шабуылшы, «Ақсу» футбол командасының ойыншысы, кәсіби футболшы  Жанабаев Батырбек, 2016 жылы Қазақстан чемпионы, қазіргі таңда «Ертіс - 2001» командасының ойыншысы Сембин Арыстан,  Темірлан Килаш – Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, Ақсу футбол клубының жартылай қорғаушысы, кәсіби футболшысы шақырылып мастер- класс көрсетті. 

Қала әкімінің және Павлодар облысының футбол Федерация атынан турнир жеңімпаздары және «футбол үшінші сабақ» республикалық жобаның қатысушыларына доптар сыйға таратылды және  қала әкімі Қайрат Теміршотұлы  Нукенов №2 жалпы орта білім беру мектебіне сыйлық табыстады. Кеш соңында №43 мектеп  құрамасы мен №2 мектеп құрамасы арасындағы жолдастық кездесу орын алды. 

Дені сау ұлтты қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарын көптеп салу және халық арасында саламатты өмір салтын барынша насихаттау - бұл игілікті істерінің айқын дәлелі.