«Менің туым, Менің Отаным!» атты патриоттық акциясы аясында Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті
«Павлодар қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебі» ММ 2019 жылдың 13 қараша күні 1-6 сынып оқушылары арасында «Менің туым, Менің Отаным!» атты патриоттық акциясы аясында Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Оқушылар туған жерді, Отанды сүюге, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырылды. Іс-шарада Ту туралы өлеңдер оқылып, ән шырқалды. Презентация арқылы мемлекеттік рәміздер тарихы айтылды. Акцияның мақсаты – мемлекеттік туды насихаттау және қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу-Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.