Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты воркшоп өтті
24-12-2019 21:42
«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты воркшоп өтті

Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебінде 19 желтоқсан 2019 жылы сағат 15.00-де Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Латын әліпбиіне көшу» бағдарламалық мақалаларын іске асыру, Ұлттық бірегейлікті сақтау; бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу; ата-аналар назарын латын әліпбиіне көшуге аударып, оның маңыздылығына көз жеткізу мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты воркшоп өтті. Воркшопқа мектеп мұғалімдері, Латын әліпбиіне байланысты пилоттық мектептердің мұғалімдері, ата-аналар қауымдастығы, мектептің 5ә, 6а, 6б, 6ә сыныптарының оқушылары қатысты. Сонымен қатар спикерлер қатысты. Воркшоп теориялық бөлімнен басталды, «Ана тілі» орталығының директоры Кинжикова Шолпан Духтурбаевна Латын әліпбиіне көшудегі ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Мәжіліс залын үлкен тіл алаңына айналдырып, практикалық бөлімге көштік. Оқушылар, ата-аналар, мұғалімдерді 6 топқа бөлінді, әр топта 12 адамнан отырды. Топтарға қызықты практикалық тапсырмалар берілді, барлығы қызыға қатысты, өз жұмыстарын құлшына қорғады, ойларымен, пікірлерімен бөлісті. Ұйымдастырылған топтарға шығармашылық тапсырмалар ұсынылды, оларды орындау барысында балалар алған білімдерін көрсете алды. Олар жазба жұмыстар жасады, сол арқылы Латын әліпбиі бойынша жазу сауаттылықтарын көрсете білді. Онымен қоса, оқу жылдамдығын да тамашаладық, Бұл орайда 6 оқушы арасында оқу сайысы ұйымдастарылды, ол «Оқу хронометражы» стратегиясы арқылы жүзеге асты, Оқушыларға бірдей мәтін ұсынылды, олар кезекпен оқыды, әр оқушы оқыған кезде секундомер қостық, ең соңында ең жылдам және мәнерлеп оқыған оқушы анықталды. Соңында топтар арасында дискуссия ұйымдастырылды. Белсенді қатысқан оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер сыйлықтармен марапатталды. Бұл шараға жергілікті «Еrtis» теледидар каналы келіп түсірді, сұхбат алды. Воркшоп аяқталғаннан кейін сөз кезегі спикерлерге беріліп, шараның қорытындысы шығарылды. Оқушылар латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы, латын әліпбиіне көшу қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызатыны жайлы көбірек мәлімет алды, ата-аналар Латын әліпбиінің қыр-сырымен танысты, олар да маңыздылығын түсінді, қызығушылық танытты.