Қауіпсіз мектеп" жедел-құқықтық іс-шаралары
"Қауіпсіз мектеп" жедел-құқықтық іс-шаралар шеңберінде "Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі" ММ-де мектеп инспекторы Шашенова Гүлмира Тастемировна алдын алу сипатында әңгіме өткізді, оның мақсаты кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу және ескерту болып табылады. Мектеп инспекторы Г.Т.Шашенова құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы, сондай-ақ алкогольді, есірткіні және темекі өнімдерін қолданудың теріс салдары туралы айтып, мұзға шығу қауіпсіздігін еске салды. Оқушылар КІБ инспекторын мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарға жауап алды.
Оқушыларға зиянды пиғылы барлардың ықпалына берілмей және қылмыстың құрбаны болмау туралы хабарлады. Соңында оларға көңілдері үшін алғыс айтып, заңға мойынсұнушы азаматтар болуға тілек білдірді.