Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ТЖБ және БЖБ кезеңіне арналған психологиялық-педагогикалық ұсыныстар
04-05-2020 14:27
ТЖБ және БЖБ кезеңіне  арналған  психологиялық-педагогикалық  ұсыныстар

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

1. БЖБ және ТЖБ жүргізуге балалар мен ата-аналардың дайындығының деңгейіне мониторинг жүргізу (құрылғылар мен Интернет мүмкіндіктерінің болуы, қажетті қосымшаларды орнату, пайдалану бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу).

Берілген уақытта тапсырмаларды орындауда қиындыққа ұшырайтын немесе орындай алмайтын оқушыларды анықтау, жұмыс түрін ойластыру және оқушылар мен ата-аналарға көмектесу.

2. Алдын-ала ата-аналармен БЖБ және ТЖБ жұмыстарын жүргізу кезеңінде  оқушылардың  жұмыс орны мүмкіндігінше дайын болу керек екендігі туралы ескерту жұмыстарын жүргізу керек. Жұмыстың теріс нәтижесіне әсер етуі мүмкін барлық факторларды жою керек. Балаңызға жағымды жұмыс ортасын жасаңыз.

3. Ата-аналарға баланың жұмысы үшін қажет нәрселердің бәрімен қамтамасыз етуін ұсынамыз: мазасыздық пен алаңдаушылықтың алдын алу мақсатында  сабаққа қажетті оқу құралдары (қағаз, қаламдардан бастап, қажетті кесте, сызбалармен, сөздікпен және т.б.)

ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бастауыш буын. Кіші мектеп оқушылары қашықтықтан білім беруде үлкен қиындықтарға кезігеді: ересектер үнемі қадағаламай нәтижелі жұмыс істеуге жеткілікті уәждеме мен еріктік сипаттама бермейді. Сондықтан БЖБ және ТЖБ  кезеңінде ересектердің бақылауы міндетті! Бірақ ата-аналар бақылау кезінде келесі алгоритмді ұстанған жөн: «Мен қадағалаймын және қажет болған жағдайда бағыт беремін!»

Ортаңғы буын, жоғарғы буын.

Қашықтықтан оқыту жағдайында есту және сипап-сезу арқылы қабылдайтын оқушыларды ескере отырып, БЖБ және ТЖБ жұмыстарын  көріп қабылдауға бағдарланған материалдарды ұсыну.

Сәттілік және жақсы  нәтижелер тілеймін!