Бүгін ерекше күн! 1-қыркүйек "Білім күні" қарсаңында М.Әлімбаев мектебі облыстық "МЕНІҢ ТУЫМ" жобасы аясында мемлекеттік туға сап түзеп, 1 сыныптарға арналған салтанатты шара ҚР мемлекеттік Әнұранымен басталды. Мемлекеттік ту көтерілді. Биылғы жылдың қуанышты жаңалығы 1 - сынып оқушыларына Әліппе мен Букварь табыс етілді.Барлық шәкірттер мектеп партасына сағына оралды. Білім күніне 1-сыныптарға арналған салтанатты мерекелік іс-шарасы да жоғары деңгейде өтті. Биыл оқу жылын 854 оқушымен бастадық. Балаларға 65 мұғалім сабақ береді. 7 жас мамандар қабылданды. Жаңа оқу жылына жаңа қоңырау үні енгізілді. Мектепке аты берілген тарихи тұлғаларымыздың бірі Мұзафар Әлімбаевтың сөзіне жазылған «Маралдым» әніне домбыра үні қосылды. Үзілістерді осы әуен шырқалатын болады.
МЕНІҢ ТУЫМ