Телефон доверия
8 7182 220004
email: alimbaeva@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, П. Васильев көшесі, 17/2
+77182225599
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ
24-05-2022 10:09
ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ

“Балалар жылы 2022” қарсаңында дарынды, талантты оқушыларды қолдау мақсатында “Топ жарған” жобасына негізделе отырып, жыл бойы түрлі сайыстарда, конкурстарда, олимпиадаларда бақ сынап, білімі мен талантын паш еткен оқушыларды марапаттау рәсімін өткіздік. Мектеп өміріне белсенді араласып, өздерін тек мықты жақтарынан танытқан жұлдыздарымызды қолдау мақсатында атаулы шара ұйымдастырылды. 150-ге тарта оқушымызды қызыл кілемде марапаттап, олардың еңбегі бағалауға лайықты екенін көрсеттік. Мектеп басшысы Дастан Бекболатұлы бастаған шараға, Қалалық Білім бөлімінің әдістемелік кәбинет меңгерушісі  Шиндлярская Г.Ш. мен білім беруді арттыру инновациялық орталығының басшысы Аушахманова Б.Т., сондай-ақ, Павлодар дарыны басшысы Ақмарал Люлятовна келіп оқушыларға арнайы кубоктарды табыстады. Одан өзге, еңбегімен елең еткізге ұстаздарға да марапаттар табысталды. Атап айтсақ Нургалиева Д.А. "Шыңдарға жетелейді" номинациясы, Аскарова Л.Ж. "Педагогикалық шың", және жас ұстаздар Өсербайұлы Е., Елемесова Г.Н., Кудрышева М.Б., Есенқұл А.К. "Үміт" номинаутя иегерлері. Ал жылдың "Үздік ұстазы" болып Бойченко С.А. танылды. Жыл бойы мектебіміздің бастамаларына қолдау көрсеткен ата-аналар да елеусіз қалмады.