Телефон доверия
8 7182 220004
email: alimbaeva@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, П. Васильев көшесі, 17/2
+77182225599
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
14 желтоқсанда «Шақат ЖОББМ- де «Даму кеңістігі» атты жас мұғалімдердің облыстық форумы өтті, ол іс – шара «Павлодар ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚҚ қолдауымен өткізілді.
23-12-2022 16:37
14 желтоқсанда «Шақат  ЖОББМ- де «Даму кеңістігі» атты жас мұғалімдердің облыстық форумы өтті, ол іс – шара «Павлодар ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚҚ қолдауымен өткізілді.
14 желтоқсанда «Шақат  ЖОББМ- де «Даму кеңістігі» атты жас мұғалімдердің облыстық форумы өтті, ол іс – шара «Павлодар ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚҚ қолдауымен өткізілді. Оның қатысушылары Павлодар облысы мектептерінің жас мамандары болды. Бағдарлама барысында «Шексіздік шеті» атты ашық диалог өткізіліп, оған Павлодар облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрайымы Г.Ә. Наурызбаева, «AMANAT» Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы  И.С.Теренченко , ППУ ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Б.С. Есенгелдин,  Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Г.К.Сейтказина, А. Шамкенов  атындағы мектеп – лицейінің бастауыш сыныптар шебер – мұғалімі  Ж.Ж.Жаксылыкова қатысты. Павлодар облысы білім беру саласының дамуы үшін қосқан үлестері үшін ППУ 60 – жылдық медалімен Павлодар ауданы білім беру бөлімінің басшысы З. Ж.Қалиева, Шақат ЖОББМ басшысы А.Қ.Ысқақова марапатталды. Иклюзивтік білім беру секциясы шеңберінде жас мамандарға «Инклюзивтік білім беру практикасындағы түзетулік – дамыту технологияларын қолдану» атты шеберлік сағаты көрсетілді, ол М. Әлімбаев атындағы мектеп басшысының орынбасары И.Е.Оспанова мен облыстық Зағип жандардың кітапханасымен бірге өткізілген тәжірибесінен алынды. Аталған секция жетекшілері М. Әлімбаев атындағы мектеп басшысы орынбасары И.Е. Оспанова, облыстық Зағип жандарға арналған кітапхананың қызмет көрсету бөлім меңгерушісі Л.М. Артамонова, мектеп логопеді, жас маман А.Н. Нұрбаева болды. Павлодар облысының қатысушы педагогтері М. Әлімбаев атындағы мектептің енгізіп жатқан бірнеше жобаларымен танысты: «Кітап оқуға құштар мектеп», «Эко өнім». Олар ерекше балаларға арналған тактилдік кітапдарды әзірлеу барысымен танысты, аталған кітапшалар зағип балалардың қоршаған әлеммен танысуларына көмектеседі. Сонымен қатар жас мамандар елестету, зейін мен жады, қолдың шағынмоторикасын дамытуға бағытталған құм терапиясының мүмкіндіктерімен танысты.
____________
 
@bilim_basqarmasy 
@samal.aitkazina 
@bilim_pavlodar 
@aygulm25 
@profsoiuz_obrazov 
@shakatsosh
@specbiblioteka_pvl