"Ана-өмірдің гүлі"
Көптен күткен көктем келді. Бұл дегеніміз, наурыз айының басында ең нәзік, ең әдемі мереке-8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін тойлаймыз. Біздің балабақшада осындай тамаша мерекеге арналған ертеңгіліктер өтті. Мерекеде балалар өлеңдер айтып, әдемі әндер айтып, би билеп, театрландырылған қойылымдар көрсетті.Мерекелік іс-шаралар балабақша өміріне көктемгі қуаныш пен бақыт атмосферасын сыйлады.