Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәуелсіздік түлектері
21-12-2008 18:00

Тәуелсіздік түлектері.

2001 жылы қалалық әкімдік еліміздің тәуелсіздік алған күніне орай жақсы бір игі шаралар өткізіп жұрді. Ол егемендік, елдік, еркіндік алғанымызды жеткізуге асыққан 1991 жылғы 16 желтоқсан күні туған балаларға сый-сияпат жасап, құрмет көрсететін үлгілі іс еді. Еліміз үшін ақсарбас толағай сүйінші сұратқан дәл осы күні дүниеге келген жас түлектерге алдағы болашақтарына сенім ұялататын, басқа жастарға отан сүйгіштік, патриоттық тәрбие беретін жыл сайынғы тәуелсіздік мерекесі күні аталып өтетін осы бір жақсы үрдістің әкімдіктер тарапынан жалғасын таппай үзіліп қалғаны өкінішті.

Қазақтың егеменді ел атануын ғасырлар бойы армандаған бабаларының аманаттарын өмірге келген сәбилер інгалаған дауыстарымен жеткізгендей болды.

-Бұл күннің қуанышын бір ауыз сөзбен жеткізу қиын. Бұлай болды деп кім ойлаған?.. Зайра екеуміз қосылғаннан кейін көп уақыт перзент сүе алмадық. Мұхтар біздің оң жылдан кейін көрген қуаныш, қызығымыз,-дейді Сәрсенбек аға.-Зайра 16 желтоқсан күні түс әлетінде босанды. Ал, кешкілік еліміз тәуелсіздігін алды деген сүйінші деген хабар естідік. Шынымды айтсам, қос қолымды қатты қысқан күйі теледидардың алдында қалт тұрып қалыппын. Ұлды болдым деп қуанышым қойныма сыймай ел жатқан ағайын-туыстарды күтіп отырған едім. Сөйткенше болған жоқ, «рас па бұл өзі, сен де солай естідің бе, анық солай Қазақстан тәуелсіздігін жариялады деді ме?» деп есіктен үлкен ағамыз қуаныштан айғалай кірді. Бір-бірімізді құшақтап жатырмыз. Жүректі ауыртқан желтоқсаноқиғасының жынғырығы құлақтан кетпеген кез ғой, жастардың мұзға жаққан жалаулары елімізге тәуелсіздік әперді деп қуаныштан көзге жас келді.

-Сөтіп, ұлымыз бізге қос қуаныш сыйлады. Талай жылдар баламыз болса зарығып жүргенде өзі дүниеге келді, өзімен бірге еліміздің тәуелсіздік алған құанышын көрсетті. Перзентханада жатқан әйелдер еліміз өзінің тәуелсіздігін жариялады дегенді естіп бір-бірімізді құшақтап жылағанымыз есімде қалыпты. Ертесінде перзентханға келген Сәрсенбек бірден: «Ұлымыздың аты-Мұхтар болсын! Біз қанша жыл баламыз болсын деп күттік, еліміз де ғасырлар бойы егемендікке қол жеткізсек деп армандаумен келіп еді! Бұдан артық бізге не керек!»-деді Зайра апай.

-Сондықтан да, елім, жерімдеп кеткен бабаларына тартсын, сол кісілердің жолын берсін деп ұлымыздың тегін Пернебек марқұмның атына жаздырдық,-дейді Сәрсенбек аға. Бұрынғы Шымкент облысының Арыс қаласында дүниеге келген ағамыз 70-ші жылдары жары Зайра апай екеуі Алматыда оқып, білім алыпты, бірі өндіріссаласында, бірі ұстаз болып алған мамандықтарына сай Павлодарға келіп осы жақта тұрып қалыпты.

Ал, Мұхтар болса қазір облыс орталығындағы №4 жалпы білім беретін орта мектептің 10-шы қазақ сыныбында оқиды. Бір көргеннен-ақ, қазақтың ұлттық тәрбиесі, өз ана тілінде сөйлейтіні сүйсіндірді. Түр-түсінен бір көргеннен-ақ, көзінің оты бар мына баладан түбі бар бір еліміздің мықты бір азаматы өсіп шығар-ау дегізетіндей өзге балаларда кездесе бермейтін ерекшелік байқалады. Ойлы, салмақты. Мінезді. Өздерінің қазақтың басына бақ әкелген ерекше күні туғандары болмыс-бітімдеріне қалыптасып қалғандай. Сол күннің жауапкершілігін сезінетіндей. Елім жерім, қазағым дейтін осындай жастар өсіп келе жатқанын көріп қуанады екенсің.

-Мектеп бітірген соң, жоғары оқу орнына түсіп, болашақта заңгер болғым келеді,- дейді Мұхтар. –Анам айтқан қос қуаныш, әрине, менің де өміріме ерекше із қалдырды. Осы тарихи күні дүниеге келген мен сияқты әсер етеді. Елдің амандығы-үлкендерден, ал, енді егемендікті, еркіндікті сақтау- оны ары қарай жалғастырып алып кету-кішілерден деп білемін.

Мектеп директоры Д.Д.Серікбаев