Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
“Мұрагер” бағдарламасы
15-11-2012 17:15
“Мұрагер” бағдарламасы

 

К.Макпалеев атындағы №4 ЖОМмемлекеттік тілде білім алатын сыныптары 2007-2008 оқу жылынан бастап Республикалық “Мұрагер” бағдарламасымен оқытылады. Оқу жоспарының вариативті бөлігінен 1,5 сағаттан ән –күй пәні бойынша 1-7 сыныптарына «Мұрагер» бағдарламасына бөлінді.

        Бағдарламаның мақсаты:Өзінің тілін, дінің, дәстүрін, өнерін, әдет-ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін, туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу;

Міндеті:

      1. Домбыра сүйемелдеумен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін меңгеріп, Батыс Еуропа және  Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу;

      2. Қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін  қалыптастыру;

      3. Балалардың  шығармашылық ынтасын, ой-өрісін, қиялын дамыту;

      4. Дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Мәдениетті, жан-жақты дамыған адам етіп шығару.

          Бағдарламамен оқытылатын оқушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Егер 2007-2008 оқу жылында 48 бастауыш сынып оқушылары оқытылса, 2012-2013 оқу жылында 179 оқушы білім алады. Соның ішінде 105 оқушы домбырада еркін ойнай алады.

         Бағдарламамен сабақ беретін мұғалім- Асылбекова Назигуль Қырыкбаевна. Туған жылы: 01.08.1971ж., білімі жоғары. Бітірген оқу орны: Әл-Фараби атындағы Шымкент педогогика мәдениет институты, 1995ж.. Мамандығы- мәдени – ағарту қызметкері, көркем өнерпаздар халық аспаптар оркестрі және ансамбль жетекшісі. Педагогикалық  өтілі  15жыл.  Санаты жоғары .

        Назигуль Қырыкбаевна бағдарламамен жұмыс істей отырып, жыл сайын Республикалық ғылыми–тәжірбиелік  семинарларға қатысуда. Өзінің біліктілігін жетілдіру мақсатымен 2006-2011 жылдар аралығынды Алматы, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында болып, тәжірбиесімен бөлісті.

         Бірнеше рет «Мұрагер» бағдарламасымен оқытылатын оқушыламен облыстық, республкалық семинарларға қатысты. Мәселен, Павлодар қаласы №24 жалпы орта білім беру мектебінде 2007 жылы 13-14 сәуір аралығында «Қазақстанда бұқаралық музыкалық білім беру мәселелерін оқытудың жаңа технолгиялары» атты облыстық семинарда «Күй-адамның жан серігі» тақырыбына ашық сабақ өткізді. 2008 жылы Абай  атындағы №10 лицей – мектебінде «Бастауыш сыныптарында   «Мұрагер» бағдарламасы бойынша музыкалық  білім  беру- ұлттық өнерді игерудуң  басты құралы» обылыстық семинарда «Күй құдіреті» атты ашық сабақ көрсетіп, өз тәжірбиесімен бөлісті.   2010 жылы Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінде «Жоғарғы оқу орындары мен жалпы орта білім беру мектептерінде «Мұрагер»  бағдарламасын енгізу» Республикалық семинарда  «Айтыс» тақырыбына  5- сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізіп, бағдарлама авторларының атынан зор алғысқа бөленді.

         Қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда және тәжірибе алмасу мақсатымен 2008-2009 оқу жылында бағдарламаның авторы С.Райымбергенованың, облыс мұғалімдерінің және ППИ мамандарының қатысуымен «Мұрагер бағдарламасы- ұлттық салт-дәстүрді насихаттанудың негізгі жолы» атты мектебімізде семинар өткізілді. Семинарда ашық сабақтар беріліп, «Мұрагер» бағдарламасымен жұмыс жасауда кездесетін кейбір мәселелер жөнінде сұрақтар талқыға салынды.

              Мұғалім жұмысының нәтижесінде «Мұрагер» бағдарламасымен оқытылатын оқушылар 2010-2011 оқу жылында  «Балауса» фестивалінде  лауреат атанды.  Қалалық күйшілер   байқауларының женімпаздары. Мектепте өтетін әр түрлі салтанатты шаралардың  аса белсенді қатысушылары.