2013 жылдың 2 наурызында К.Макпалеев атындағы №4 орта мектебінің 5 «а», «г», «в», 6 «а» сыныбының оқушылары МАИ қызметкерлері ұйымдастырған «Жас жолаушылардың оқу орталығында» болып қайтты.Қаланың МАИ қызметкерлері оқушылардың жолда жүру ережелерін дұрыс түсіну мақсатында жаңа әдіс ұйымдастырған.Солардың бірі «Динамо» спорт кешенінде жабдықталған «жолда жүру ережесі бойынша оқыту орталығы». Бұл орталық нағыз біздің қаламыздың көшелері сияқты құрастырылған:бағдаршам,сызылған жолдар т.б. Инспекторлардың айтуы бойынша бұндай әдіс арқылы оқушылар жолда жүру ережелерін дұрыс меңгеріп бұзбайтынына кәміл сенеді.Біздің оқушылар сол тәжірибенің алғашқы шәкірттері болды.