18-қазан күні 5 «Б» сыныбында қазақ тілінен «Досымның мекен-жайы» атты ашық сабақ өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі шеңберінде 18-қазан күні 5 «Б» сыныбында қазақ тілінен «Досымның мекен-жайы» атты ашық сабақ өткізілді. Үш топқа бөлінген оқушылар мұғалімнің дайындаған тапсырмаларын орындай алды. Қарсылас топтар бірін-бірі бағалау парағы бойынша бағалап отырды. Сабақта сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау әдіс-тәсілдері қолдана отырып, мұғалім өз шеберлігін көрсетіп, оқушылармен жұмыс істей білді және оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша білімдерін көрсетті, өз ойларын еркін айтып жеткізе білді. Сабақты өткізген Сейітқанова М.Т.