«Гүл феериясы»
12 маусымда кәсіби лагерьдің балалары "Жазғы ғажайыптар" жобасының "Гүл феериясы" турына қатысты. Сайыстың шарты бойынша түрлі табиғат материалдарынан және өндіріс қалдықтарынан гүл композицияларын жасау керек еді. Әділқазылар алқасына біздің команда жасаған композицияларын ұсынды. Пластикалық шөлмектерден жасалған бозғалдақтар, бір рет қолданылатын қасықтар мен шанышқалардан жасалған ақкекірелер, түймедақтар өте керемет шыққан. Әділқазылар балалрдың жұмыстарын жоғары бағалап, "Шеберлік және креативтік" грамотасымен марапаттады. Балалар өздерінің шығармашылық ойлары туралы "Ирбис" телеканалына сұхбат берді. Жарайсыңдар, балалар! Шығармашылық жеңістерің көп болсын!