![54782e431e451](/media/img/blogs/1718283212.jpg)
Құрметті әріптестер! Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тағы бір ерекше мерекені атап өту дәстүрі қалыптасты. Ол – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні! Сіздерді еліміз үшін ерекше мейрам – Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен нығаюына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тұңғыш Президент ретінде қосқан үлесі зор екендігіне еліміздің бүгінгі әлеуметтік экономикалық жағдайы куә. Тәуелсіз Қазақстанымыздың даму жолында ерекше рөл атқарған тұлға ретінде біздің егемен ел ретіндегі тарихымыздың бастауында Елбасы есімінің тұратындығы да шындық. Ендеше, бүгінгі Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлау Елбасымыздың биік мәртебесі ғана емес, тұтас Қазақ елінің абырой-беделі деп білеміз. Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық-саулық, құт-береке тілейміз. Мереке құтты болсын!