![20151017_105338](/media/img/blogs/1766731197.jpg)
Сенбі күні мектепте 1 сыныптар арасында «Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайыс өтті. Жарысқа әр сыныптан бір отбасы қатысты. 1-кезеңде командалар өздерін таныстырып, таңдаған ұрандарын айтып, сынға түсті. 2-кезеңде спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар үшін қызу тартыс болды. Ата-аналар мен балалары бар күштерін салып, түрлі кедергілерден жылдам өтуге тырысты. Нәтижесінде 1 «Б» сыныбы 1-ші, 1 «А» 2-ші және 1 «Ә» сыныбы 3-орынды иеленді. Жарыстан соң әкелер «Арқан тартыстан» күш сынасып, 1 «А» сыныбы алға шықты. Ұйымдастырылған шара өте қызықты өтіп, балалар мен ата-аналардың көңілінен шықты. Мұндай шаралар мектеп пен отбасы, ата-ана мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, салауатты өмір салтын насихаттауда маңызы өте зор.