«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша қалалық шығармашылық топтың отырысы.
Қазан айының 16-күні К. Макпалеев атындағы №4 ЖОМ-да «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша қалалық шығармашылық топтың 2015-2016 оқу жылындағы алғашқы отырысы өтті. Отырысқа № 4, 22, 24, 25, 26, 38 және Кенжекөл орта мектебінің мұғалімдері, қалалық білім беру бөлімінің маманы Ш.Ш. Каиргазина қатысты. Топ жетекшісі № 4 ЖОМ-ның бастауыш сынып мұғалімі – Шарипова А.С. Отырысты СТО технологиясы бойынша қалалық жаттықтырушы Жомартова К.С. жүргізді. Күн тәртібінде өткен оқу жылындағы жұмысқа талдау жасалып, топ жұмысының жаңа қадамдары белгіленіп, жұмыс жоспары құрылды. Шығармашылық топ мүшелеріне шығармашылық табыс тілейміз!